Жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан әйел табылды. Ол мессенджерлер арқылы жойқын зілзала болады деп, сағатына дейін айтып елді одан сайын дүрліктірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
"Қатты жер сілкінісі қайта болады, қаладан шығып қашыңыздар" деп әлеуметтік желіде үндеу тастаған. Бұндай хабарламалар үрей, дүрбелең туғызды.Сондықтан барлық азаматтарға айтатыным, жалған ақпарат таратпаңыздар, таратуға себепкер болмаңыздар. Содан соң әр ақпаратты жіті зерделеп, тек ресми дерек көздерден алынған ақпаратқа қана сенулеріңізді сұраймын", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
1995 жылы туған Ж. есімді азаматшаның кінәсі дәлелденсе, ірі мөлшерде айыппұл төлейді немесе ҚР ҚК қарастырылғандай үш жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шындыққа жанаспайтын өзге де аудиожазбалардың авторларын анықтауға бағытталған іс-шаралар әлі жүргізіліп жатыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, бірнеше адам анықталып, қазір оларды жауапқа тарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз