Жер сілкінісі: Талғардағы білім беру ұйымдарында сабақ өтпейді

Талғарда жер сілкінісіне байланысты сабақтар өтпейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Талғар ауданы бойынша білім бөлімі бүгінгі күні жер сілкінісіне байланысты барлық білім беру ұйымдарында сабақ болмайтындығын және қашықтықтан оқыту жүргізілетінін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгінгі жер сілкінісі Талғар қаласында қатты сезілген болатын. 

Алматы облысындағы Талғарда ғимараттардың қирағаны мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Нысандар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

"Қазселденқорғау" АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ Алматының полиция қызметкерлері тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша зақымданған ғимараттар табылған жоқ, қазір бұл объектілер штаттық режимде жұмыс істейді", - делінген жауапта.

ТЖМ желісі бойынша ғимараттардың қирағаны мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты. Қала тұрғындарынан 112 желісіне ақпараттық сипаттағы 120-ға жуық қоңырау түскен. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз