- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жер сілкінісі кезінде...
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? 10 әрекет
Бүгін Алматының сейсмикалық станциялары жерасты дүмпулерін тіркеген болатын. Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? Massaget.kz тілшісі зілзала кезіндегі 10 қадамды түсіндіреді.
Алматы қаласының ТЖД түсіндіруінше, жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам мыналар:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- - ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз - Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Еске салайық, бүгін Алматы сейсмикалық станцияларында жерасты дүмпулері тіркелді. "Алматы" ОЗБ кезекші операторының айтуынша, жер сілкінісінің ошағы - Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 833 шақырым жерде Ауғанстан аумағында.
ҚР ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2023 жылғы 28 мамырда Алматы уақытымен 11 сағат 50 минут 04 секундта (2023 жылғы 28 мамырда Гринвич бойынша 05 сағат 50 минут 04 секундта) жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.5. MPV магнитудасы 4.8. Тереңдігі 180 шақырымда.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина