Әлемде жер сілкінісін алдын ала болжайтын технология әлі күнге дейін шыққан жоқ. Сондықтан тосыннан болған табиғат құбылыстарынан адамдар жиі әуреге түседі. Tengri Auto тілшісі жер сілкінісі кезінде көлікте қауіпсіз отыру үшін бірнеше кеңес ұсынады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Алматылықтар алғашқы жер асты дүмпулерін 23 қаңтарда түн ортасы шамасында сезді. Тұрғындар асығыс үйлерінен шығып, көліктеріне отырды. Қаладан шығатын жолда көлік кептелісі, жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Біраз адам көліктерімен қаладан шығып кеткен. Қазіргі таңда халық арасында үрейдің белгілі бір деңгейі әлі де байқалады. Егер жер сілкінісі кезінде көлікте қалып қойсаңыз, мына ережелерді есте сақтаңыз.
1. Үрейге бой алдырмаңыз. Жылдамдықты төмендетіп, мүмкін болса көлікті қауіпсіз жерге қойыңыз. Қозғалтқышты өшіріп, көлікті қол тежегішіне қойыңыз. Алдымен, бұл шынымен жер сілкінісі ме, анықтап алған жөн.
2. Радионы қосыңыз, мүмкін белгілі бір ескерту, ақыл-кеңес естіп, кәдеге жарауыңыз мүмкін. Айналаңызға қараңыз, сезімдеріңізбен бөлісіңіз.
3. Көпірдің астындағы аялдамаларда, мекеме жанында, т,б. қауіпті жерлерге тоқтамаңыз. Барынша тезірек жол жиегіне шығуға тырысыңыз. Үрейге бой алдырмай, қауіпсіздікке баса назар аудару керек. Себебі жолда басқа да жолаушылар барын есте ұстаған жөн.
4. Ағаштар мен тірек бағаналардан алыс тұрыңыз. Мекеме жанындағы автокөлікке көлігіңізді қоймаңыз. Егер ауыр зат құласа, көлік сізді қорғай алмайды.
5. Көпірлер мен жүк түсіруге арналған құрылыс алаңына жақындамаңыз. Жер сілкінісі кезінде олар зақымдалуы мүмкін. Егер сіз көпқабатты көлік тұрағында болсаңыз, көліктен шығыңыз. Көлігіңіздің жанына отырыңыз.
6. Мүмкіндігінше жолдағы қозғалыстан алыс болыңыз, өйткені жол апаты болу қаупі бар. Жарықшағы бар жолдармен жүрмеуге тырысыңыз.
7. Егер эвакуация қажет болса, жолда көлікті тоқтатыңыз. Терезені жабыңыз, қозғалтқышты тоқтатып, кілтті ішке қалдырыңыз. Есікті қатты жаппай, көліктен алшақ жерге барып тұрыңыз. Себебі жедел жәрдем көлігі мен құтқарушыларға кедергі келтірмеу қажет.
8. Жер сілкінісінен соң қозғалмастан бұрын айналадағы жағдайды бақылаңыз. Содан кейін үйге немесе басқа қауіпсіз жерге барыңыз. Мүмкіндігінше көлікті байқап жүргізіңіз.
Маман пікірі
Автоэксперт Арсен Шакуов Алматыда жер сілкінісі болған түні барлық азаматтар секілді көшеге шығып, өз көлігіне жүгірген. Оның айтуынша, жер сілкінісі кезінде көлікті қалай жүргізудің нақты ережесі жоқ.
"Киініп, далаға жүгіріп шықтым. Көлікте отырып, жылынғанын күттім. Сыртта қыс мезгілі ғой. Ал кейін адамдар көпқабатты тұрғын үйлердің жанынан алыстау жерге барып тұрды. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Себебі жер сілкінісі кезінде ғимараттан алыс болған жөн. Жер сілкінісі кезінде көлікті қалай жүргізу керектігі туралы ешқандай ереже жоқ. Біреулер қала шетіндегі туыстарына, басқалары жер үйлеріне бара жатты. Кейбіреулер алаңда күтіп тұрды. Адамдардың біразы көліктеріне жанармай құюға бара жатты. Негізі жанармайдың толық болғанын үнемі қадағалаған жөн. Себебі біз жанармай құю бекеттерінен сұмдық көлік кептелісі орын алғанын көрдік", - деді ол.
Жер сілкінісі кезінде жанармай құю бекетіне бару қауіпсіз бе?
Сейсмология ғылыми орталығының басшысы Даулет Сарсенбаевтің айтуынша, жер сілкінісі кезінде жанармай құю бекетіне бару қауіпті. Бірақ көптеген тұрғындар солай істеуге мәжбүр болды.
"Жойқын жер сілкінісі болған кезде екінші факторлар апат, жарылыстар болуы мүмкін. Неге екенін білмеймін, біздің азаматтар ресми ақпарат дереккөздеріне сенбейді. Ең алдымен, ресми ақпаратқа, ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органдардың таратқан ақпаратына сену қажет. Адамдар көршілер тобында айтылған хабарламаға емес, маманның айтқанына сену керек", - деді ол.
Айта кетейік, ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәліметінше, Алматы уақытымен сағат 11.22-де (2024 жылғы 04 Наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз