- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жер сілкінісі кезінде...
Жер сілкінісі кезінде қандай заттар дайын тұру керек?
23 қаңтарда сағат 00:09:02-де Алматының тұрғындары қатты жер сілкінісін сезді. Алматылықтар өз үйлерін тастап, сыртқа шығып жатты, тіпті жалаң аяқ, киімсіз шыққандары да болды. ТЖМ өкілдері мәліметінше, жер сілкінісі Алматыдан бөлек Астана, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында және Жетісу облысында да тіркелді. Осыған байланысты дабыл жолдорбасын дайындап қоюға болады, ал ол сөмкенің ішінде қандай заттар дайын тұру керек? Massaget.kz тілшісі ең керекті заттардың тізімін жасады.
Алматы ТЖМ өкілдері ұсынған жер сілкінісі кезінде алу керек ең қажетті заттар тізімі:
- қолма-қол ақша;
- құжаттар (олардың көшірмелері);
- бастапқы көмек дәрі қобдишасы;
- қыста бір адамға 3-4 литр және жазда 5-6 литр мөлшерінде су;
- консервіленген және жоғары калориялы тағамдар;
- Гигиена құралдары;
- қосалқы киім мен аяқ киім;
- көрпелер;
- арнайы керек-жарақтар (компас, шам, радио және т.б.).
Керек-жарақ салынған сөмке тым ауыр әрі үлкен болмауы шарт. Дабыл жолдорбасы отбасы мүшелерінің әрқайсысында болуы керек.
Бастапқы көмек дәрі қобдишасына қандай дәрі-дәрмек салу керек?
- Спирт;
- антибиотиктер;
- жараланған жағдайды киімді қырқуға қайшы;
- дәке майлықтары;
- жапсырма;
- медициналық қолғап;
- отбасы мүшесінің созылмалы ауруына байланысты жеке дәрі-дәрмек;
- жаратаңғыш;
- шприц;
- ауырсынуды басатын дәрілер.
Айта кетейік, бұған дейін жер сілкінісі кезінде не істеу керегі хабарланған болатын.
Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі:
- ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);
- егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды өзіңізге құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;
- ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;
- үйлерге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;
- лифттерді пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жақпаңыз:
- сымдарды ұстамаңыз;
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.
Тағы да оқи отырыңыздар: Басқа операторға ауысқанда нөмірді сақтап қалуға бола ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә