Алматылықтар жер сілкінісін сезінді. Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай жағдайда өзін қалай ұстау керек екенін еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құтқарушылардың айтуынша, жер сілкінісі кезінде 10 қарапайым қадамды ойластыру керек:
Еске салайық, бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қараша Астана уақыты бойынша 10.00-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы:
Алматы 3 балл
Талғар 4 балл
Есік 4 балл
Түрген 3.0 балл
Өтеген-Батыр 3 балл
Боралдай 2 балл
Маловодное 2 балл
Ж.Қайыпов 2 балл
Алатау (Жетіген) 2 балл
Қарасай (Қаскелең) 2 балл
Алматы тұрғындары 2024 жылы 23 қаңтарда жер сілкінісін сезді. Түн ішінде болған дүмпу халықтың үрейін ұшырып, біраз уақытқа дейін қорқыныш қалып қойды.
Көктем басталысымен, 2024 жылы 4 наурызда қалада тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл да қала тұрғындары мен қонақтарын үрейлендірді.
Еске салайық, бұған дейін белгілі профессор Әлқуат Нұрмағамбетовпен сұхбаттасып, Алматыдағы жер сілкіністерінің ғылыми негізі туралы сұраған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!