- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жер сілкінісі қайталануы...
Жер сілкінісі қайталануы мүмкін бе? Маман жасанды интеллект көмегімен болжам жасады
PhD докторы әрі Ионосфера институтының жетекші ғылыми қызметкері Марат Нұртас жасанды интеллектің көмегі арқылы жер сілкінісін болжады. Massaget.kz тілшісі арнайы лабораторияның қалай жұмыс істейтінін сұрап білді.
- Жасанды интеллекті неге сүйеніп болжам жасайды?
Біз тарихи статистикалық деректер арқылы болжаймыз. Яғни бұған дейін болған тарихи статистикалық мәліметтерге сүйенеміз. Мәселен, Алматы және оның төңірегінде бұған дейін болған сілкіністер, сондай-ақ Еуразия құрлығындағы тіркелген мәліметтерді толығымен сараптаймыз. Осылайша бүкіл жазбаға анализ жасап қорытындыға келеміз. Бұны жасанды интеллект, соның ішінде машиналық оқыту әдістерінің көмегі арқылы статистикалық модельдер арсындағы заңдылықтарды байланыстыра отырып маусымдық қайталану деген сияқты кейбір керекті заңдылықтарды іздейміз. Онымен қоса, статистикалық модельдерді қолданамыз. Біздің лаборатория жер сілкінісін алдын ала болжайды. Алайда уақыты және күнімен болжау қиын. Тек бір апталық болжам жасай аламыз. Мәселен, соңғы уақыттарда біздің лаборатория апталық болжамдарды жасап жүр. Өткен айда 17-ші және 24-ші ақпан аралығына бірнеше күн бұрын болжадық. Біздің болжам магнитудасы бойынша дәл көрсетпесе де сол аптадағы жер сілкінісі болатынын дәл көрсетті. Ол нәтижені әлеуметтік желіге алдын ала салған едім. Бұл жолы тағыда наурыздың 1-8 аралығына бір аптаға алдын ала болжам жасадық. Модель осы аптада 5.4 балл маңайында болады деді ал нәтижесін бүгін көріп отырсыздар.
- Жер сілкінісінің нақты уақытын дәл тапқан кездеріңіз болды ма?
Дәл уақытын айту қиын. Нақты анықтау - ол болашақтың еншісінде. Бірақ біз сонда да уақытын сағатпен болмаса да, аптасына айтуға тырысып жатырмыз. Мысалы, көріп тұрғандараңыздай, осы 1-5-нен дейінгі бір апталық болжамның нәтижесі бүгін болды. Бірақ ертең бола ма, болмай ма оны біз де айта алмаймыз. Тек болжам ертеңді де көрсетіп тұр. Біз қысқа мерзімді болжамдар жасаймыз. Осы аптаның талдауын 3 күн бұрын анықтадық. Көрсетілген бір графиктегі қызыл сызықтар "жер сілкінісі болады" деген мағынада және болжам бойынша, тағы қайталануы бек мүмкін.
- Жасанды интеллект туралы айтсаңыз? Ол қалай жұмыс істейді?
Жер сілкінісін болжау үшін ЖИ түрлі әдістері қолданылады. Тек бір ғана мысалын келтіре кетсек. Жасанды интеллекте машиналық оқыту әдісі статистикалық уақыттық қатары моделін қолданады. Сол уақыттық қатар моделінің ішінен Sarimax және Arima деп аталатын графиктегі екі әдісті нақты уақыт мезетінде қысқа мерізімді және ұзақ мерізімді болжамдар жасау үшін қолданады. Біз тесттік модельде қысқа мерізімді болжамды ұсынамыз. Деректер ретінде 10 000 астам дерек алматыдан радиосы 1000 км қашықтық аймақтардан моделді үйрету үшін қолданылса, ал 3000 нан астам дерек тек қана алматының өзінде болған жер сілкіністеріне ғана тиесілі болмақ. Осы соңғы деректерді жаңа деректер ретінде пайдаланып жаңағы 10 000 астам деректерді үйрету арқылы жасалған модельге енгізу арқылы (3000 нан астам дерек кейде 10 000 астам дерек ішінде қайталауны мүмкін) жаңа болжамдар жасаймыз.
- Демек мекеме қысқа мерзімде болжам жасауға бейімделген бе?
Біздің лабротория жел сілкінсін алдын ала болжаумен айналысады. Алайда, дәл уақыты мен сағатын болжау өте қиын дүние. Біз Алматының қауіпсіздігі үшін барынша апталық болжам жасауға тырысып жүрміз. Негізі апталық болжам деген жоқ, бірақ қауіпсіздік үшін барынша жұмыс істеудеміз.
Жасұлан Ордабаев
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Ордабаев