Алматы облысында өзен арналары, көшкін және сел қауіпті учаскелер тексерілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Алматы облысындағы Талғарда ғимараттардың қирағаны мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Нысандар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
"Қазселденқорғау" АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ Алматының полиция қызметкерлері тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша зақымданған ғимараттар табылған жоқ, қазір бұл объектілер штаттық режимде жұмыс істейді", - делінген жауапта.
ТЖМ желісі бойынша ғимараттардың қирағаны мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты. Қала тұрғындарынан 112 желісіне ақпараттық сипаттағы 50-ге жуық қоңырау келіп түсті.
Алматы облысының ТЖД командалық орталығының базасында жедел желі телефоны ашылды 8 (7277) 22-60-97.
Жер сілкінгенде дабыл қағу жүйесі неге жұмыс істемеді?
Еске салайық, бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қараша Астана уақыты бойынша 10.00-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы:
Алматы 3 балл
Талғар 4 балл
Есік 4 балл
Түрген 3.0 балл
Өтеген батыр 3 балл
Боралдай 2 балл
Маловодное 2 балл
Ж.Қайыпов 2 балл
Алатау (Жетіген) 2 балл
Қарасай (Қаскелең) 2 балл
Алматы тұрғындары 2024 жылдың 23 қаңтарында жер сілкінісін сезді. Түн ішінде болған дүмпу халықтың үрейін ұшырып, біраз уақытқа дейін қорқыныш қалып қойды.
Көктем басталысымен, 2024 жылы 4 наурызда қалада тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл да қала тұрғындары мен қонақтарын үрейлендірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!