Алматы Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінгенде халықты ескерту жүйесі неге жұмыс істемегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Хабардар ету жүйелері (mass alert) қарқындылығы 5,5 балл және одан жоғары болған кезде автомат түрде іске қосылады. Бүгінгі жер сілкінісі қала аумағында 3 балл болды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Еске салайық, бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қараша Астана уақыты бойынша 10.00-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы:
Алматы 3 балл
Талғар 4 балл
Есік 4 балл
Түрген 3.0 балл
Өтеген батыр 3 балл
Боралдай 2 балл
Маловодное 2 балл
Ж.Қайыпов 2 балл
Алатау (Жетіген) 2 балл
Қарасай (Қаскелең) 2 балл
Алматы тұрғындары 2024 жылдың 23 қаңтарында жер сілкінісін сезді. Түн ішінде болған дүмпу халықтың үрейін ұшырып, біраз уақытқа дейін қорқыныш қалып қойды.
Көктем басталысымен, 2024 жылы 4 наурызда қалада тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл да қала тұрғындары мен қонақтарын үрейлендірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!