Көп адамның арманы - баспаналы болу. Алайда кейде адамдар жер алып, үй тұрғызбас бұрын жерді, үй құрылысын заңдастырмай жатады. Кейін олар үй салып болған соң оны заңдастырған кезде қомақты сома айыппұл төлейді. Бұл жағдайда не істеу керек? Жер мен үйді қалай заңдастыру керек? Ол үшін қандай құжаттар қажет? Massaget.kz тілшісі бұл тақырыпта нұсқаулық ұсынды.
Жалпы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 22-бабына сәйкес, жер учаскесіне меншік құқығы мынадай негіздерде пайда болады:
Үйді заңды түрде салу тәртібі
1. Рұқсаттарды алу - сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде болашақ тұрғын үйдің құрылысы мен жобасын әзірлеуге арналған СЖТ (сәулет-жоспарлау тапсырмасы).
2. Тиіс лицензиясы бар ұйымның құрылысқа жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуі.
3. Жобаның ГАСК бойынша Қазақстан Республикасының ҚНжЕ нормалары мен сәйкестігіне сараптама жүргізу.
4. Құрылысқа рұқсат алу.
5. Нысанның құрылысын салу және техникалық қадағалау.
6. Ғимаратты пайдалануға беру туралы акт алу.
7. Ғимараттың техникалық паспортын алу.
8. ХҚКО-да тіркеу.
Бірақ кей жағдайда үй иесі алдымен өз аумағында үй не басқа да құрылыс сәулетін тұрғызып алып, заңдастыруға әрекет етеді. Бұл жағдайда айыппұлдан құтылу мүмкін емес.
ҚР Азаматтық кодексiнің 244-бабы бойынша өз бетiмен салынған құрылыс - мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ, бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажет рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік.
Заң бойынша, өз бетiмен құрылыс салған адам оған меншiк құқығын алмайды. Оның құрылысқа билiк етуге - сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мәмiлелер жасауға - құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Бақытжан Базарбектің айтуынша, көбіне тұрғындар құжаттарында қандай да бір мәселе туса, бұл мәселені шешуге құзырлы органдарға жүгінбей, уақыт жоғалтып жатады.
Үй салынып қойса, бірақ тиіс құжаттар рәсімделмесе, не істеу керек?
Бірінші нұсқа. Қадағалау органдарын сотқа беру, сотта қабылданған шешімдердің заңдылығын түсіну. Қазір мұндай істермен айналысатын заңгерлер бар.
Екінші нұсқа. Құрылыс саласындағы заңнаманың жеңілдетілуін немесе келесі заңдастыруды күту. Бұл бірнеше жылға, тіпті ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Өкінішке қарай, бұл жағдайда үйіңізді тіркей алмайсыз, мекенжай ала алмайсыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!