Жер қойнауын пайдаланушылардан 14 млрд теңге өндіріледі

Қазақстанның Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардан келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін 2023 жылы 14 млрд теңге өндірмек. Қазіргі уақытта қаржының 2,4 млрд теңгесі өтелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкіметтік сағатта энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.

"2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша көмірсутектер бойынша 315 келісімшарт қолданылады (оның ішінде ӨБК - 9, барлауға - 11, барлауға және өндіруге - 173 және өндіруге - 122)", - деді министр. 

Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың ұзақ уақыт орындамаған міндеттемелері үшін келісімшарттарды бұзу тәжірибесі жалғасуда.

"2022 жылдан бері аукциондарға қайта шығарылатын 52 келісімшарт бұзылды. Олардың ішінде 1,9 млрд теңге берешек өтелді," - деп атап өтті Сәтқалиев. 

Айта кетейік, келесі электрондық аукцион 2024 жылғы 27 қарашада өтеді, онда 9 учаске саудаға шығарылады.

 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!