Биыл 22 наурызда Дүниежүзілік су күнінде БҰҰ-ның су конференциясында ДДСҰ мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) барлық елді халықтың WASH қызметіне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша күш-жігерін түбегейлі күшейтуге шақырды және еуропалық аймақта 16 миллионға жуық адам әлі де қарапайым ауызсуға қол жеткізе алмай отырғанын, 29 миллион адам санитарияның негізгі қызметтеріне қолжеткізе алмай отырғанын еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Су мәселесі тура мағынасында адамдарды өлтіріп жатыр. Мысалы, 2017 жылы жүргізілген зерттеу дүние жүзінде 1,2 миллион адам қауіпті судан қайтыс болғанын көрсеткен. Our World in data мәліметінше, бұл мезгілсіз өлім саны кісі өлтіру санынан үш есе көп және жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санымен бірдей.
COVID-2019 алдындағы 2019 жылы қауіпті су көздеріне байланысты мәселелер дүние жүзіндегі барлық өлім-жітімнің 2,29 пайызы болды. Бұл - қорқынышты көрсеткіш, бірақ 1990 жылы көрсеткіш одан да нашар болды: әлемдегі барлық өлімнің 4,41 пайызы қауіпті судан келді.
Су проблемасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде көбірек сезіледі, бұл себеп барлық өлімнің 5,06 пайызы болады. Африка және Шығыс Жерорта теңізі аймақтарының тұрғындары суға қатысты күрделі мәселелерге тап болды. Еуропа аймағы ең аз зардап шегеді, өлімнің 0,04 пайызы қауіпті суға байланысты. Америкада бұл көрсеткіш 0,31 пайыз, Батыс Тынық мұхиты аймағында 0,17 пайыз болды.
100 мың адамға шаққанда қауіпті су бір жылда 16,81 адамды өлтіреді. Африкада көрсеткіш 56,95, Оңтүстік-Шығыс Азияда 43,92, Шығыс Жерорта теңізі аймағында 19,57, Америкада 1,83, Батыс Тынық мұхит аймағында 1, Еуропа аймағында 0,25.
2020 жылы қауіпсіз су көздеріне қолжетімді халықтың үлесі 74,27 пайыз болды, бұл бұрынғыдан жақсы болса да, әлі де аз. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш жалпы әлем халқының 70,2 пайызы, 2010 жылы 65,76 пайызы, 2005 жылы 63,4 пайызы, 2000 жылы небәрі 61,73 пайызы болды.
Қауіпсіз су көздеріне қолжеткізудің жақсы көрсеткіштері Солтүстік Америка мен Еуропада тіркелді: мұнда халықтың 95,57 пайызы болады. Батыс Азия мен Солтүстік Африкада бұл көрсеткіш небәрі 78,69 пайыз, Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде 75,38 пайыз, Орталық және Оңтүстік Азияда 62,36 пайыз ғана. Сахараның оңтүстігіндегі елдерде бұл көрсеткіш өте төмен: мұндағы жалпы халықтың 30,03 пайызы ғана қауіпсіз суға қол жеткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!