Озон қабаты қайта қалпына келіп жатыр. Ғалымдар 2066 жылы бұл мәселе толық шешім табатынына сенім артады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы IFL Science хабарлады.
Озон тесігі 2024 жылы әдеттегіден сәл кеш пайда болған. Антарктида айналасындағы ауа қозғалысының бұзылуы нәтижесінде озон қабаты бұзылуға ұшыраған. Бірақ оның көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда кіші екен. Озон тесігінің мөлшері жыл мезгілдеріне қарай өзгереді. Тамызда пайда болады және қазан айының айналасында максимальды мөлшерге жетеді, қарашаның соңында қайтадан жабылады екен.
Copernicus атмосфералық бақылау қызметінің мамандары озон қабатының бұзылуына әлі де адамдар шашатын химиялық заттар себеп болып отырғанын атады. Алайда Монреаль хаттамасының арқасында Антарктида да озон қабатының толық қалпына келуі 2066 жылға қарай күтіледі.
"Вулкандардан бастап климаттың өзгеруіне дейін Антарктидадағы озон тесігінің пайда болуына тікелей немесе жанама түрде әсер етіп келеді. Дегенмен олардың ешқайсысы адамдардың әрекеттері сияқты қауіп тудырмайды. Монреаль хаттамасы және одан кейінгі түзетулер озон қабатының қайта қалпына келуінен мүмкіндік ашты. Енді осы бағытта жемісті жұмыс жасауымыз керек", – деді Лоренс Руил Copernicus атмосферасын бақылау қызметінің директоры.
Озон қабатының қалпына келуіне қарамастан, ғалымдар климаттың өзгеруіне байланысты алаңдаушылық білдіруде. Мысалы, Антарктидада температураның көтерілуі бұл процеске әсер етуі мүмкін. Дегенмен озон қабатының қалпына келуі оң нәтижелер беріп, оның 1980 жылдардағы деңгейге қайта оралуы тек уақыт мәселесі болып тұр.
Бұған дейін NASA ғалымдары 2040 жылға қарай озон тесігі үлкейіп кетсе жердегі экожүйеге және адамдарға орасан зор қауіп төндіретінін болжаған еді. Тіпті адамдардың терісі ашық аспан астында 10 минутта күйіп кетуі мүмкін екенін айтқан. Бірақ халықаралық шаралардың арқасында озон қабатын қалпына келтіру мүмкіндігі пайда болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!