"Жеп отырғандары - жұмыртқа мен нан". Алматыдағы балабақшалардың біріне қатысты дау шықты

Әлеуметтік желіде Алматыдағы №164 балабақшада балаларға берілген тамақтың видеосы тарады. Кадрларда кішкентай бүлдіршіндер нан мен жұмыртқа ғана жеп отырғаны көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодағы ер адам кішкентай балалар жеп отырған тамақты ересектер де жей алмайтынын айтады.

"Жұмыртқа мен нан жеп отырғандары. Қара шай, компот. Қара шайға нан салып жейді. Бұл - мемлекеттік балабақша", - дейді видеодағы ер адам.

@aishatokkojaeva

рек 164 гос садик ужин?

♬ оригинальный звук - Женская одежда «КаПрИз»

Алматы қаласы Білім басқармасы өкілдері осы видеоға қатысты пікір білдірді.

"Осы жағдайға қатысты жан-жақты тексеріс жүргізу үшін мониторинг топ құрылды. 20 наурызға дейін бақылау комиссиясы өз жұмысын аяқтауға тиіс. Қазір Алматы қаласы білім басқармасының қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға кетті. Тексеру нәтижелері қосымша беріледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!