Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың ерлігіне арналған "Жеңістің мәңгілік қаһармандары" республикалық суреттер байқауының қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген жас суретші өз шығармашылығы арқылы 1945 жылғы 30 сәуірде Кеңес жауынгерлері Рейхстагқа Қызыл туды алғашқы болып көтерген тарихи сәтті бейнелеуге ниет білдірді. Байқау нәтижесінде 18 финалист таңдалды, олардың суретін режиссер Константин Харалампидистің "Ұлы Отан соғысының батырлары: Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов" деректі фильмінде көрсетіледі.
Рейхстагқа дейін жеті сағат
"Ерлігі ұрпаққа үлгі". Балалар суретіндегі Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың ерлігі
Тамирис Жамалқанова (жас санаты - 11-14), Семей
Динара Булат (15-18 жас), Атырау
"Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!
Бұл - еліміздің асқақ ақыны, нағыз патриоты, ұлт пен тіл жанашыры Мұхтар Шахановтың достықты қандай дәрежеде бағалағаны.
Достық! Бар болғаны алты-ақ әріптен тұратын сөз! Ал мағынасы ше?! Достық - адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық-өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Достардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін, бірақ бұл достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық бірін-бірі толықтырып, бірінің бойындағы кемшіліктерінен арылуға көмектеседі. Сатқындық екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Менің халқымның дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінген. Мысалы, "Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады","Досы жақсының, өзі де жақсы","Дүниеде адамның жалғыз қалғаны - өлгені, қайғының бәрі соның басында". Достыққа қарама-қарсы ұғым - қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғаңдар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегенің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу - өмірлік мақсаттардың бірі.
Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше,
Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,
Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,
Бір дос бар қораңнан мал кеткенше,
Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше, - деген қазақ халқымыз амал достық пен адал достықты қарама-қайшы сипаттаған.
Мен білетін бір достық - кешегі Отан соғысы жылдарындағы майдангерлер арасындағы шынайы достық. Қан майданда өз бастарын сауғалап, қаша жөнелген, жолдастарын от пен оқ ортасына тастамай өмірлерін құрбан еткендер қаншама?! Қараңызшы, жауға күйрете соққы беру мен Жеңіс жолында ортақ мүдде, ортақ көзқараста болған олар бірін-бірі қолынан сүйреп, Жеңіс күнін жақындатты, Жеңіс туын бірге тікті. Шынайы достық көрінісі менің жанымды тері кетіп, ерекше сезімге бөледі. Әлемге ерекше бояу сыйлады.
Майдангер бабаларымыз бізге шын достықтың үлгісін көрсетіп кетті".
Диана Мигачева (11-14 жас), Қарабұлақ, Алматы облысы
Диана Кұрмантаева (15-18 жас), Орал
"Адамзат тарихындағы ең қасіретті, зұлматты, қаншама адамның жанын жалмап кеткен кезеңдердің бірі әрі бірегейі - Екінші дүниежүзілік соғыс. Ақтық демі қалғанша күресіп, келешек ұрпақ үшін жан берген ата-бабаларымыз, сол кездегі батырлардың саны көп. Екінші дүниежүзілік соғыстың Жеңісі көп құрбандықпен келді. Осы соғыстар ішінде соғыстың ақырғы ақиқатын айқындаған Берлин операциясы екендігі айдан-анық. Осы соңғы шайқас Ұлы Жеңіске ұласты.
Берлин шайқасы Шығыс майданында және тұтастай алғанда Еуропадағы күресті тиімді аяқтады. Гитлердің өлімі мен толық әскери жеңіліске ұшыраған Германия 7 мамырда шартсыз бас тартты. Осы шайқастағы маңызды да ұлы батырларды атап айтпау мүмкін емес. Рейхстаг шабуылы кезінде 20-дан аса ту тігілген. Олардың ішінде ең алғашқысы қазақ Рақымжан Қошқарбаев және Григорий Булатов еді. 150-атқыштар дивизиясының соғыс қимылдары журналына сәйкес, 30 сәуір 1945 жылы сағат 14:25 кезінде лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов "жер бауырлап ғимараттың орталық бөлігіне келіп, бас кіреберістің сатысына қызыл туды орнатты". Бұл кезде рейхстаг үшін күрестің қызып жатқан кезі еді. Екі батыр Кеңес Одағы батыры атағын алмаса да, бастапқы уақыттарда тарихта алғаш ту тіккен батырлар деп жазылмаса да, олар өздерінің қайтпас қайсарлығының, шыдамдылығының, ержүректіктерінің арқасында әр қазақ патриотының жүрегінде, тарихты өшпестей із қалдырған ұлы батырлар ретінде мәңгі сақталатын болады. Оларды құрметтеп, әрқашан мақтан етіп, ұлықтау біздің парызымыз!
"Қанды соғыс ерге сын,
Қаптаған жау елге сын", - демекші, шығыс майданында және тұтастай алғанда Еуропадағы күресті тиімді аяқтаса да, Гитлердің өліміне кез болып, кейіннен жеңілісіке ұшыраған немістер үшін Берлин шайқасы елдің намысы үшін күреске түскен қанды соғыс болды. 458 мынңнан аса адам қаза тауып, 478 мыңнан аса немістің тұтқынға түсуімен аяқталған соғыс кеңес халқы үшін жаңа бастамаға апарар жол іспетті еді. Қызыл әскердің дүниежүзілік мәдениет пен цивилизацияны сақтап қалу жолында орасан зор әсер еткен бұл шайқас рух көтерерлік, кеңестік әскер үшін қан мен тердің арқасында келген ірі жеңіспен қорытындыланды.
Дарья Миронцева (7-10 жас), Көксу, Алматы облысы
Ангелика Попондопуло (15-18 жас), Алматы
"Соғыс - бұл халқымыз басынан өткерген қорқынышты оқиға. Кейде өзіме сұрақ қоямын: "Мен, Попондопуло Ангелика, айналамда адамдарды атып, өлтіріп жатқан, аштық пен қиранды арасына тап болсам не істер едім?". Бұл - мен үшін үлкен қорқыныш. Соғыс көптеген халықты біріктірді, олардың жүрегінде ерлік, ар-намыс пен батылдық барын көрсетті. Біздің ата-бабаларымыз бүкіл әлеммен бірігіп, жауды тоқтатып, жерімізден оларды қуып шықты...
... Жыл сайын ардагерлер қатары азайып барады, өйткені уақытты ұстау мүмкін емес. Ол бәрімізді өз ағынымен алып кетеді. Ең бастысы - олардың ерлік істерін еске алып, ғасырлар бойы құрмет көрсету. Біздің міндетіміз - батырлар ерлігін ұмытау және оны кейінгі ұрпаққа дәріптеу".
Арина Прорешина (11-14 жас), Алматы
Раяна Межидова (15-18 жас), Алматы
Әсия Мырзабекова (15-18 жас), Қызылорда
Арина Слюнкина (11-14 жас), Талдықорған
"Ұлы Отан соғысы - бұл сөздер әр азамат үшін қасиетті. Соғыс тауқіметі әрбір отбасына тиді. Өйткені бірінің жары, ағасы, әкесі, атасы бостандық үшін, бейбітшілік үшін шайқасқа қатысты. Әлі күнге дейін жоғалған жауынгерлердің қалдықтары табылып, олар құрметпен жер қойнауына тапсырылып жатыр. Соғысқа қатысқан сарбаздар - батыр адамдар. Аш, шаршаңқы болғандарына қарамастан жеңіске күш салды. Олар біздің бақытты болашағымыз үшін нағыз тозақтан өтті...
...Соғыста барлық ұлт сарбаздары мен офицерлері шайқасты, әйелдер мен балалар жеңіс үшін тылда жұмыс істеді. Халықтар достығы мен бірлігі фашизмді жеңуге көмектесті. Олар туған жерінің әр бөлігі үшін соңғы қаны қалғанша шайқасты...
...Зардап шегіп, жеңіске жетуге үлес қосқан әр азаматқа үлкен тағзым және алғыс білдіреміз! Біз үшін әлемді жаулап алған батырлар мәңгі есімізде қалады!"
Татьяна Муравьева (11-14 жас), Талдықорған
Арузат Төлеу (15-18 жас), Рудный
Анастасия Решетникова (15-18 жас), Үштөбе, Алматы облысы
Нұрайым Тасеменова (11-14 жас), Шымкент
"Қайратын бойына жиып, жан таласып Рейхстагты жаулап алды. Қазақ елі бұл сұм, үрейлі соғыстан да өтті. Қазақтың мақтанышы болған "Рейхстагқа ту тіккен қаһарман" деген атпен есте қалған - Рақымжан Қошқарбаев. Ол қаншама адамның арсынан шығып, ержүрек, батыл жүрегімен қадам басып, Рейхстагқа ту тікті. Барша халықтың жүздері күлімдеп, қуаныштары көкке жетті. Солдаттар қаруларынан көкке оқ атып, қуаныштарын аспанмен бөлісті. Риясыз күліп, жүрегіндегі бар қайғы-мұңнан, үрей-қорқыныштан бір жолата айығып, жаңа өмірге үмітпен қадам басты. Осылайша Р.Қошқарбаев "Жеңіс туын тіккен қаһарман" деген атпен танылды. Қазақ елінің рухын арттырып, мақсатқа деген нық қадам басқызды. Осы уақыттан бастап, еліміз тынышталып, бейбіт әрі сеніммен өмір сүре бастады. Жеңіс туы көгімізде желбіреп тұра берді. Барлығы да ата-бабаларымыздың арқасы. Бұл ардақты,батыл бабаларымыздың арқасы. Аспанымыз қайта сұрланбай, туымыз желбіреп "Мәңгілік Қазақстан" болып қала берейік!"
Полина Чарыева (11-14 жас), Ақтөбе
"Қошқарбаев Рейхстагқа КСРО-ның Қызыл Туын тіккен сәті. Отан үшін 15 республиканың бірлігі мен жеңіске деген ұмтылысы зұлым фашизмді жеңген сәт. Әр сарбаз - бізге жеңісті жақындатқан батыр".
Ақбота Умиржан (15-18 жас), Балқаш
Аружан Алдабергенова (11-14 жас), Алматы
Дильназ Хабержан (15-18 жас), Орал
"Ұлы Жеңіске 10 күн қалғанда". Қошқарбаев пен Булатовтың ерлігіне арналған 11 сурет
Байқаудың барлық қатысушысына сертификат, ал жеңімпаздарға диплом табысталды. Оларды сілтеме арқылы жүктей аласыз.
"Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов туралы фильмнің түсірілім тобы жобаға атсалысып, суреттерін жолдаған балаларға ризашылығын білдіреді. Олардың мұндай шараға қатысуларының өзі көп нәрсені білдіреді. Бұл суреттер жүрекпен салынған іспетті. Кішкене балалар жіберген жұмыстар да бар. Олар адамзат тарихындағы маңызды сәттерді бейнелеуге тырысқан. Сонысымен есте қалды. Олардың назар аударғанының өзі мақтанарлық жайт. Деректі фильмде түсірілетін керемет жұмыстар бар. Бұл суреттер бүкіл түсірілім тобын шабыттандырады", - деді Константин Харалампидис. Ол балалар суреті жобасының авторы.
"Жеңістің мәңгілік қаһармандары" байқауын Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы мен "Алаш Медиа Групп" медиахолдингі ұйымдастырды.
© Фото. Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы ұсынған