Асқазанына екі рет ота жасалған айтыскер, ақын Айшолпан Тілеутай Желідегі парақшасында Ыстамбұлда бірнеше келіге арықтағанын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Түркияға келгенде салмағы 135 келі болған.
"Қайырлы кеш, баршаңызға! Стамбулға 135 келі болып келгенмін. Әне-міне дегенше -8 келі тастаппын. Жеңілдеп қалдым", - деп жазған ақын.
Сонымен қатар, ол отадан кейін күніне бірнеше мың қадам жүретінін жазған.
"Теңіз жағасында күніне 10 мың қадам. Бұл қала менің жеңістерімнің бастамасы!" - деп жазған ақын.
Айта кетейік, бұған дейін "Ішуді қойды". Айтыскер Айшолпан Тілеутай телеарнаны сотқа бермегі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Марстағы бір тәулікте қанша сағат, бір жылда неше күн бар?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!