- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жеңісімнің бастамасы". Асқазанына...
"Жеңісімнің бастамасы". Асқазанына екі рет ота жасалған Айшолпан Тілеутай бірнеше келі салмақ тастағанын айтты
Асқазанына екі рет ота жасалған айтыскер, ақын Айшолпан Тілеутай Желідегі парақшасында Ыстамбұлда бірнеше келіге арықтағанын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Түркияға келгенде салмағы 135 келі болған.
"Қайырлы кеш, баршаңызға! Стамбулға 135 келі болып келгенмін. Әне-міне дегенше -8 келі тастаппын. Жеңілдеп қалдым", - деп жазған ақын.
Сонымен қатар, ол отадан кейін күніне бірнеше мың қадам жүретінін жазған.
"Теңіз жағасында күніне 10 мың қадам. Бұл қала менің жеңістерімнің бастамасы!" - деп жазған ақын.
Айта кетейік, бұған дейін "Ішуді қойды". Айтыскер Айшолпан Тілеутай телеарнаны сотқа бермегі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Марстағы бір тәулікте қанша сағат, бір жылда неше күн бар?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә