“Жеңіске аз қалды“. Сәби сүйе алмай жүрген блогер жаңалығын айтты
Әзілкеш Елдос Қадырханов ауыр ота жасатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Аллаға шүкір, ең қиын отадан, ең ауыр сәттен өттік! Қаншама жыл нәтижесіз емделу, қаншама жыл дәрігерден "өкінішке қарай" деген жауап естіп келдік. Алланың қалауымен, елдің батасымен, көпшіліктің тілеуімен арманымызға бір қадам жақындадық. Әрекет етуді тоқтатпаймыз. Тілеулес болыңыз! Бұл жеңіс емес, бірақ жеңіске аз қалды. Біз үшін бұл маңызды кезең болды. Алла қаласа, сүйінші сұрайтын күнге жетейік", - деп жазды блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін шаңырақ көтергеніне 7 жылдай уақыт болған әзілкеш не себепті әлі бала сүйе алмай жүргенін Аман Тасығанның "Talklike" бағдарламасында айтқан еді.
"Басында не болды, неге көтермей жатыр деп сұрайды. Бірдеңе болса, келіншегім кінәлі. Негізі қазақта бала болмай жатса, әйел кінәлі. Келіншегім енді көңіліне алып қалады, жылап. Ол кезде менің де көңіліме тиеді. Басында сұрайтындар қазір ақыл айтады. Ана дәрігерге, мына емшіге бар деп. Туысқандар айтып болған соң, достарым айтады, одан кейін қазір оқырмандарым айтады. Енді ешкім жаман көргеннен емес, шын көңілмен осылар балалы болса екен деп жазады, тіпті 100% балалы болмайсың деген. Пендеміз ғой, енді бал аштыруға да бардық. Сол кезде олар да бала асырып ал, сенде бала болмайды деп. Әйелім жылайды, сол жаныма батады, тіпті мен туып берейін дегендер болды", - дейді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек