- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеңіс Қасымбек өрттен...
Жеңіс Қасымбек өрттен зардап шеккен пәтерлер қалай жөнделетінін айтты
Фото:
Астана әкімдігі
Астана әкімі кешегі өрт салдарынан зардап шеккен пәтерлердің тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі өрттің себебін ТЖД анықтайтынын мәлімдеді.
"Rixos Khan Shatyr Residences ТК зардап шеккен пәтерлерінің тұрғындарымен кездестім. Өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясын құрамыз. Енді сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін біз қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз. Өрттің себебін қаланың ТЖД анықтайды", - деді Жеңіс Қасымбек.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова