Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметінен кетті

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметінен кетті
Фото: gov.kz

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz сайтының Қарағандыдағы тілшісінің мәліметінше, Премьер-министр өңір басшысы лауазымына екі кандидатураны ұсынды. Ол - Ермағанбет Бөлекпаев пен Сержан Аймақов.

Артынша ресми түрде Мемлекет басшысының жарлығымен Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі лауазымына тағайындалды.


Ермағанбет Бөлекпаев. Фото: gov.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина