- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеңіс Қасымбек Астанада...
Жеңіс Қасымбек Астанада су тапшылығы барын мойындап, проблема қашан шешілетінін айтты
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалада су тапшылығы барын мойындап, проблема қашан шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы видео түсірді.
"Кейінгі уақытта Астанада су тапшылығы мәселесі көтеріліп жатыр. Расында ондай мәселе бар. Қазір күніне 25 текше метр су жетіспей жатыр. Қаламыз өсіп жатыр. Жылына кем дегенде 60-70 мың жаңа тұрғынға өсіп, кейінгі 3 жылдың ішінде қаламызда тұратын азаматтардың саны 200 мың адамға көбейді.
Келесі мәселе - кейінгі айда суару жұмыстары басталып кетті. Кейінгі және осы аптада да 30 градустан түскен жоқ. 2 жыл бұрын әкімдік екі жаңа нысанның құрылысын бастады. Бірінші нысан - сорғы станциясы. Бұл нысанның құрылысы осы айдың соңына дейін толығымен бітеді және күніне қажетті 25 текше метр қалаға беріледі. Екінші нысан - Астана су қоймасынан келетін су құбыры. Бұл нысанның да аяқталатын түрі бар. Келесі аптада құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады және қалаға қажет су беріледі. Сонымен бір айдың ішінде бүгінгі тапшылық шешімін табады. Тамыз айында осы станцияның екінші кезеңінің құрылысы да бітеді. Қалаға қосымша 85 мың текше метр суды беруге мүмкіндік пайда болады. Бұл келе жатқан 3-4 жылға жеткілікті", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан