Астана әкімі Жеңіс Қасымбек "Қалада кейінгі күндері толассыз жауған қарға байланысты тазалау жұмыстары неге сылбыр жүріп жатыр" деген сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана тұрғындары қалада жауған қалың қар әлі тазаланып бітер емес деп шағымданды. Олардың айтуынша, көше бойында техника да сирек жүр.
Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, коммуналдық қызметтер уақытылы жұмыс істеп жатыр. Ол көпшіліктің шағымымен келіспейді.
"Коммуналдық мекемелер сенбі күні де, жексенбі күні де толық жұмыс істеді. Үш күнде қардың екі айлық нормасы жауғанын көрдіңіздер. Тазалық жұмыстарының күрделі болғанын да айтуға тиіспін, бірақ біздің коммуналдық қызметтер сапалы, үдіксіз жұмыс істеп жатыр", - деді Астана әкімі.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!