"Жеңімпазға 500 мың теңге": Өскеменде ең көп қоқыс жинаған командаға сыйақы тағайындалды

"Жеңімпазға 500 мың теңге": Өскеменде ең көп қоқыс жинаған командаға сыйақы тағайындалды
Фото: Фотосурет қала әкімдігінен

Қала аумағының тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған шара осымен үшінші рет өткелі отыр. Тұрғындар жуықта Назарбаев көшесі 83/1 мекенжайы маңындағы қоқысты "экологиялық апатқа" теңеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Келемін деушілерге шектеу жоқ. Қала басшылығы мұны "Таза ойындар" деп атады. Ерекшелігі сол, қатысушылар қоқыс жинау кезінде команда құрып, топтасып жұмыс істейді. Әу баста әншейін сенбілік ретінде қабылданған шара қазір көптің назарын аудара бастаған. Қала басшылығы тағайындаған сыйақы мөлшері де қомақты: 1 орынға - 500 мың, екінші орынға - 300 мың және 3 - орынға 100 мың теңге беріледі.
Өскемен әкімі Жақсылық Омардың сөзінше, белгіленген уақыт ішінде ең көп қоқыс жинаған команда қаржылай сыйлыққа ие бола алады.
Қалалықтар маусым айының 10-ы күні таңертең сағат 08:30-да Назарбаев 83/1 мекенжайындағы үйлердің алдына жиналып, әрі қарай Нефтебаза ауданына қарай тартады. Әкімдік өкілдері шараға дайын команда болып қатысуға немесе сол жерде топ құруға болатынын айтты.
Бір командада 10 адамнан аспауы тиіс.

Асыл Бигелді

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы