Мәжіліске қабылданған жаңа Салық кодексі жобасында жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолдануға кімдерге тыйым салынатыны нақтыланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес жеңілдетілген режимді бірқатар шартқа сәйкес келетін жеке кәсіпкерлер мен резидент заңды тұлғалар ғана пайдалана алады. Негізгі талаптардың бірі - шекті табыс, ол айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 600 000 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Сонымен қатар, режим тек B2C-ке: жеке тұлғаларға (кәсіпкер емес) тауар, жұмыс және қызметті сатумен айналысатын және қызметі Үкімет бекіткен тізімге кіретін адамдарға қолданылады.
Жеке кәсіпкердің шекті табысын есептеу кезінде мына жағдайлар ескеріледі:
Осылайша өзгерістерге сәйкес тауарлар мен қызметтерін басқа бизнеске сататын кәсіп түрлері енді "жеңілдетілген" режимді пайдалана алмауы мүмкін.
Еске салайық, Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы реформалар туралы шешімді қолдады.
Кейінірек Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды.
Ал Ұлттық экономика министрлігі өкілі Азамат Әмрин салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкіметтің ұсынысын айтты:
"Біз мынадай тетікті қарастыруды ұсынамыз: жалпы белгіленген ҚҚС мөлшерлемесі - 16%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан толық босату, ал кейбір салалар үшін 10% мөлшеріндегі аралық мөлшерлеме. Осылайша Үкімет ұсынып отырған мөлшерлемелер: 16%, 10%, 0% және босату".
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз