Индустриялық даму қоры (ИДҚ) жеңілдетілген автонесие бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Индустриялық даму қоры жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында "Еуразиялық банк" АҚ-қа қалған 10 миллиард теңге лимитті бөлді", - делінген хабарламада.
Сонымен, ИДҚ бағдарламаға қатысушы банктерді 100 миллиард теңге көлемінде қаржыландырды, оның ішінде:
"Бүгінде бағдарлама бойынша автокөлік сатып алуға 31 538 өтініш қабылданып, 95,517 миллиард теңгеге 12 483-і мақұлданды. Барлығы 77,068 миллиард теңгеге 10 015 автокөлік берілді", - деді қордағылар.
Автокөлік сатып алуға өтініштердің көпшілігі мына өңірлерден түскен:
ИДҚ жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 30 жылға есептелгенін еске салды. Бөлінген лимит толық игерілгеннен кейін автонесие бастапқы қарыз алушылардың өтелген несие төлемдері есебінен беріледі.
"Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша револьверлік механизмді биыл қыркүйекте іске қосу жоспарланған, одан кейін қатысушы банктер автонесие алуға өтінімдерді жинауды жалғастырады", - деді қор өкілдері.