- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеңілдетілген автонесие: өтінім...
Жеңілдетілген автонесие: өтінім беру тәртібі өзгеруі мүмкін
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Берілетін несие сомасы 10 миллион теңгеге дейін болуы тиіс, автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Халыққа көліктер қолжетімді болуы үшін, бұл бағдарламада қымбат көліктер қарастырылмаған. Біз бағдарламаны айдың аяғына дейін бастауға тырысамыз", - деді Қарабаев Үкімет отырысында.
Ведомство басшысының айтуынша, осы аптада өнеркәсіпті дамыту қоры брифинг өткізеді, онда бағдарламаны қайта бастаудың нақты күні айтылады.
"Бұл жерде бағдарламаның механизмін қайта қарау туралы мәселе тұр. Егер бұған дейін олар алдымен автосалондарға жүгініп, содан кейін банкке барса, Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа механизмді ұсынады: алдымен Өнеркәсіпті дамыту қорына жүгінеді, онда электрон кезек болады, содан кейін автосалонға барады", - деп түсіндірді министр.
Қарабаев жаңа автокөліктерді ұзақ күту тек Қазақстанда болмайтынын айтты.
"Бұл кез келген елде, тіпті KIA өндірілетін Оңтүстік Кореяда бар. Сондай-ақ, халық басқа да маркаларды, жеке маркаларды 2-2, 5 жыл күтуге мәжбүр", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек