Өнеркәсіптік даму қоры өкілдері жеңілдетілген автонесие бойынша неліктен көптеген көлік жоқ екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Kia Sportage автокөлігін тамыздан бері күтіп отырған адамдар бар. Мысалы, Hyundai Elantra қазақстандықтар айдағысы келетін көлік қой. Солар неге жоқ", - деп сұрады журналист.
"2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда үш бренд танымал: Сhevrolet, Kia және Hyundai. Былтыр екі автоөндіруші 103 мыңнан аса жеңіл автокөлік өндірді. Биылғы болжам бойынша жоспар - 135 мың автокөлік. жылдан жылға өндіріс қарқыны артып келеді. Бұл бағдарлама бойынша ай сайынғы қажеттілікті қамтамасыз етуге автоөндірушілер дайын", - дейді Өнеркәсіптік даму қоры өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!