- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеңілдетілген автонесие: банктер...
Жеңілдетілген автонесие: банктер өтінім қабылдауды тоқтатты
Өнеркәсіпті дамыту қоры өкілі жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындысы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"13 шілдедегі жағдай бойынша жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысушы банктер 90 миллиард теңге сомасындағы 11 825 өтінімді мақұлдады, ол бойынша жалпы сомасы 59,546 миллиард теңгеге 7 852 автокөлік берілді", - делінген хабарламада.
Қай банктер өтінім қабылдағаны хабарланды:
- "Еуразиялық Банк" АҚ 25,4 миллиард теңге сомасында 3 248 өтінімді мақұлдады;
- "Банк ЦентрКредит" АҚ 27,7 миллиард теңге сомасында 3 647 өтінімді мақұлдады;
- "Қазақстан Халық банкі" АҚ 23,1 миллиард теңге сомасында 3 009 өтінімді мақұлдады;
- Forte Bank АҚ 14,4 миллиард теңге сомасында 1 921 өтінімді мақұлдады.
"Қазір қатысушы банктер автонесие беру бойынша қорытынды рәсімдерді жүргізуіне байланысты қаржыландыру лимиті босатылғанға дейін өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты", - деп мәлімдеді қор өкілі.
Қор қызметкері лимит шеңберінде қаражат болған жағдайда қатысушы банктер өтінімдерді қабылдауды қайта бастауды жоспарлап отырғанын атап өтті.
"Бұл ретте "Еуразиялық банк" АҚ 10 миллиард теңге көлеміндегі кезекті траншты алу рәсімін бастады, оны келесі айда аяқтау жоспарланып отыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
Жеңілдетілген автокөлік несиесін қаржыландыру бағдарламасы 30 жылға есептелген. Индустрияны дамыту қоры өкілі лимиттер толық игерілгеннен кейін автонесие беру револьвер несиелеу механизмі негізінде жүзеге асырылатынын еске салды.
Айта кетейік, сарапшылардың бағалауынша, 16 мамырда басталған жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 10 мыңға жуық қазақстандық қатыса алады.
Ж. Қадыржанова