Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауға арналған пилоттық платформа іске қосылады. Ол туралы не білу керек? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.
Жеңілдетілген автонесие туралы қысқаша
Былтыр жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлініп, оның іске асырылу мерзімі 30 жылға белгіленген болатын. Бағдарлама былтыр 16 мамырда іске қосылды. Бүгінде былтыр бөлінген қаржыға 12,6 мыңға жуық автокөлік сатылған. Автокөліктердің орташа құны 7,8 миллион теңгедей.
Платформа қашан іске қосылады?
Пилоттық платформа бағдарлама бойынша бір уақытта ақшаның да, автокөліктің де болуын қамтамасыз ету үшін, барлық процестің ашық болуы үшін әзірленген. Сайтта өтінім берген кезден бастап автокөлікті алғанға дейін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беріледі.
Сайт пилоттық режимде 6 ақпанда астана уақыты бойынша сағат 10:00-де autonesie.kz арнайы сайтында іске қосылады.
Өтінім беру үшін:
Айта кетейік, платформаға тек Қазақстанның ішінде тіркелу қажет.
Өтінім беру процесі қалай жүреді?
Осы жолы несиенің ең шекті мәні 10 миллион теңге болғандықтан алғашқы уақытта 760 адам платформада тіркеле алады. Тіркелген адам саны 760-қа жақындаған кезде сайт автоматты түрде жабыла бастайды.
Платформа ай сайын жұмыс істеп тұрады. Яғни ақпанда тіркеліп үлгермеген болсаңыз, келесі айда платформаға тіркеле алады. Болжам бойынша, ай сайын 100 орыннан бөлініп отырады.
Кімдер өтініш бере алмайды?
Біріншіден, егер осы бағдарлама бойынша бұрын несие алған болсаңыз, сіздің өтінішіңіз қабылданбайды. Сонымен қатар, платформада өтініш беріп қойған болса, өтініш қабылданбайды.
Жеңілдетілген автонесиеге өтініш берудің шарттары қандай?
Шарттарда ешқандай өзгеріс жоқ. Айта кетер болсақ:
Айта кетейік, бұл бағдарлама бойынша бір азамат екі жылда бір рет қана автонесие ала алады.
Сайтта өтінімді қалай береміз? Кезең-кезеңімен түсіндіреміз.
1. autonesie.kz арнайы сайтында тіркеуден өтесіз.
2. Өтінім бересіз.
3. Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қоясыз.
4. Деректерді тексересіз.
5. Соңғы процесс - тіркеуден өтесіз.
Барлық процесті аяқтауға 60 күн беріледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!