- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеңілатлет Нора Джерута...
Жеңілатлет Нора Джерута Олимпиадаға іріктеуден өтті
Фото:
olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Нора Джерута Олимпиада нормативін орындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.
АҚШ-та өткен USATF Los Angeles Grand Prix турнирінде қазақстандық спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден бақ сынады.
Нәтижесінде, 9:22.45 уақыт көрсеткішімен қола жүлдегер атанды. Аталған сында Джеруто Канада және АҚШ спортшыларына ғана есе жіберген.
Осылайша, Олимпиада нормативін орындаған Нора Джеруто іріктеуден өткен екінші қазақстандық жеңіл атлет атанды.
Бұған дейін марафоншы Жанна Мамажанова Олимпиада нормативін орындаған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан