Жеңіл атлетика федерациясы өкілі Қырғызстанда қаза тапқан жаттықтырушы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Федерация мәліметінше, Мұрат Жүзгенбаев - КСРО спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы.
"ХДСШ атағына төрт спортшыны және Олимпиада ойындарына қатысушы Артем Косинов, Гүлжанат Жанатбек, Шолпан Мансурова, Айман Ратованы, спорт шеберлері Сергей Тулапин, Александр Сысоев, сондай-ақ, СШК пен Қазақстан чемпиондарын даярлады", - деді федерация өкілі.
Сондай-ақ, федерация өкілі оның 3-20 шілде аралығында Чолпон-атада (Қырғызстан) өткен жиындарда болғанын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Ыстықкөлде қазақстандық жеңіл атлетика жаттықтырушысын көлік қағып өлтіргені хабарланған болатын.