- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеңіл әрі жылдам...
Жеңіл әрі жылдам қайықты пайдаланған: шетелдіктер есірткіні Каспий арқылы тасымалдаған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау дерегі бойынша үш шетелдік және бір қазақстандыққа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы ақпанда Маңғыстау облысы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты есірткі қылмысына қатысушыларды ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы 4-тармағына сәйкес кінәлі деп тауып, ұзақ мерзімге бостандықтарынан айыру туралы шешім шығарған.
Ведомство мәліметінше, сотталушылар 2022 жылы тамызда Қазақстанға Каспий теңізінің акваториясы арқылы 10 келі апиын мен 8 келі гашиш әкелмек болған жерінен ұсталған.
Шетелдіктер мемлекеттік шекараны кіші көлемді қайықпен заңсыз кесіп өткен. Қылмыскерлер қолданған қайық жеңіл әрі жылдам қозғалатындықтан оны радиолокация құралдарымен анықтау қиындық тудырған.
"Есірткі түн мезгілінде тасымалданған. Қылмыскерлер навигация үшін GPS және спутник байланыс құралдарын пайдаланған. Сот барысында сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова