Жемістердің құрамындағы қант зиянсыз екені рас па? Дәрігер жауабы

Соңғы кездері жемістердің құрамында фруктоза, сахароза, глюкоза көп болғанына байланысты, олардың айтарлықтай пайдалы емес екені жиі талқыланып жүр. Адамдардың айтуынша, мұның салдарынан жемістер тек зиян тигізіп, артық салмақ, қант диабеті, атеросклероз, инфаркт және инсультке әкеп соқтырады. Бұл пікір шындыққа жанаса ма? Massaget.kz тілшісі анықтады.

Негізі барлық жемістің құрамында қант бар.
Алайда мамандардың сөзінше, жемістердің құрамындағы қант адам ағзасына біз – шай, ботқа, газдалған сусын, шырындарға қосатын қарапайым қантқа қарағанда көп зиян тигізбейді.

Қант тек мөлшерімен емес, сапасымен де зиянды, мұнда оның қанға сіңу жылдамдығы маңызды рөл атқарады. Сондықтан газдалған сусын, шырын және кез келген басқа қант қосылған сусындардағы "сұйық қанттар" зиян саналады. Ішекке енгеннен кейін олар бірден және тез сіңеді, өйткені олар жемістің бір бөлігінен босауға, сұйықтықта еруге уақыт жұмсамайды. Қант ерігеннен кейін ғана ағзада сіңеді.

Сөйтіп қандағы қант мөлшері қант диабетімен ауыратын науқастың көрсеткіші секілді тым көп болады, ал инсулин оларды тіндерге шұғыл түрде "таратып", артық мөлшері майға айналады. Бұл ең алдымен семіздікке, уақыт өте келе екінші типтегі қант диабетіне әкеп соқтырады.

Сондықтан да қантқа қатысты бірінші ережені есте ұстаған жөн: қатты өнімнің құрамындағы еріген қанттың зияны әрқашан аз. Міне, осыған байланысты шырын тұтас жеміске қарағанда қауіп көп төндіреді.

Екінші ереже: өнім неғұрлым оңай қорытылса, ол қантты соғұрлым тез шығарады және оның зияны көбейеді.

Жемістердің жасушалық құрылымы бар, ол талшықты қамтамасыз етеді. Ол қантты баяу шығарады. Пектиндер әлі де олардың сіңуін кешіктіреді. Сонымен қатар жемістерде қантты сусындар мен тағамдарда жоқ көптеген пайдалы антиоксидант, дәрумен, минерал бар.

Әрине, қантқа өте бай жемістер бар және олардың пайдасы аз. Мысалы:

  • шабдалы - 8,4 грамм;
  • апельсин - 8,5 грамм;
  • киви - 9,0 грамм;
  • алмұрт, ананас, өрік - 9,9 грамм;
  • алма - 10,4 грамм;
  • банан - 12,2 грамм;
  • жүзім - 15,5 грамм;
  • інжір - 47,9 грамм.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!