- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеміс пен көкөністерге...
Жеміс пен көкөністерге вакцина қосылатыны рас па?
Telegram-арналарда әлемдік үкімет халықты жеміс пен көкөніс арқылы вакцинациялап жатыр деген ақпарат тарады. Теория бойынша банан, картоп және басқа да тағамдар гендік-модификацияланған, оларда вакциналар бар. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Құрамында вакциналар бар гендік-модификацияланған көкөніс пен жеміс әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 1990 жылдары молекулалық биолог Чарльз Арнцен "жеуге болатын вакциналар" терминін енгізген кезде қолға алынған. Идея тағамдарды жеген адамдар мен жануарларда белгілі бір патогендерге иммунитет қалыптасатындай етіп өзгертуге негізделді.
Бұл саладағы жұмыс үш жылдан аса уақыт бойы жүргізіліп келе жатқанына қарамастан, нарықта әлі де жеуге болатын вакциналар жоқ. Мұның бірнеше себебі бар, оның ішінде негізгілерінің бірі - дәрі-дәрмекті ағзаға жеткізу тәсілі. Қандай да бір тағамды жеген кезде олар тікелей асқазанға түсіп, құрамына тұз қышқылы болатын асқазан сөлінің әсерінен ыдырайды. Демек әзірлеуші ғалымдардың алдында асқазанда бөлінбейтін, бірақ науқастың қанына енетін вакцина жасау міндеті тұр.
2023 жылғы сәуірде INTERNATIONAL JOURNAL Of AGRICULTURE & BIOLOGY журналында жарияланған мақалада бүгінгі күнге дейін тырысқақ, безгек гепатиті, Ньюкасл ауруы, қызылша және құтыруға қарсы жеуге болатын вакциналар әзірленгені туралы жазылған. Кейбір препараттар адамдарда немесе жануарларда клиникалық сынақтар жүргізу үшін мақұлданды. Мұндай кез келген вакцинаны сынақтан тыс алу мүмкін емес.
Микробалдырлардан жеуге болатын вакциналар жасау бойынша да жобалар қолға алынған, бірақ олар әлі өндіріліп жатқан жоқ.
Демек бүгінде көкөніс пен жемістегі вакциналар - тек клиникалық сынақтар аясында қолжетімді жоба. Болашақта вакциналары бар банан немесе картоп кәдімгі жеміс пен көкөніс сатылатын жерлерде ұсынылатын болады деп ойлауға негіз жоқ.
Сонымен қатар, жеуге жарамды вакциналарды қастандық теорияларында сипатталған және күмәнді "әлемдік үкімет" емес, ғалымдар мен фармацевтикалық компаниялар әзірлейді.
Демек әлемдік үкіметтің жеміс пен көкөніс арқылы адамдарды вакцинациялауы туралы таралған ақпарат - фейк.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек