Антикордың ресми өкілі сыбайлас жемқорлық дерегін хабарлаған азамат 14 млн 768 мың теңгеге дейін сыйақы алатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сыйақы беру қағидаларымен регламенттелген, жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру мен азаматтық қоғамды осы қауіпті әлеуметтік құбылысқа қарсы күреске тартудың тиімді тетігі. 2020 жылы сыйақы беру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша сыйақы сомасы сараланды", – деді Данияр Бигайдаров баспасөз мәслихатында.
2024 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмек көрсеткені үшін 76 адамға 28,9 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілген екен.
"Биыл 9 айда агенттіктің аумақтық департаменттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмек көрсеткені үшін 76 адам сыйақы алып, 33 мемлекеттік қызметші алғыс хаттармен марапатталды", – деді ведомствоның ресми өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!