Желтоқсан айында жоғалған ер адам Қостанай облысында өлі табылды

Желтоқсан айында жоғалған ер адам Қостанай облысында өлі табылды
Фото: instagram/poisk_region_10

Қостанай облысында өткен жылдың желтоқсан айының соңында хабар-ошарсыз кеткен ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ТоболИнфо-ға" сілтеме жасап.

Тобыл ауылының тұрғыны Ерден Ольмисеков 23 желтоқсанда жоғалып кетті. Ол үйден шығып кеткен, содан бері оны ешкім көрмеді.

Ер адамның денесі Бейімбет Майлин ауданының Новоильиновка ауылында орналасқан темірбетон зауытының аумағынан табылды. Зорлықпен өлтіру белгілері жоқ.

Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу әрекеттері басталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПОИСКОВЫЙ ОТРЯД РЕГИОН 10 (@poisk_region_10)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова