- Негізгі бет
- LifeStyle
- жұлдыз жорамал
Желтоқсан айына арналған жұлдыз жорамал
Жұлдызнама белгілерін қыстың алғашқы айында не күтіп тұр? Massaget.kz желтоқсан айына арналған жұлдыз жорамал ұсынады.
Тоқты
(21.03-20.04)
Желтоқсан айы Тоқтылар үшін сабақ алатын ай болмақ: біреулер тіке мағынасында курстарға қатысып, білімін арттырса, басқалар өзін-өзі танумен, қалауларымен жұмыс жасап, ішкі өзгерістерді байқайды. Кәсіби тұрғыда бұл ай тұрақты болады, барлығы жоспар бойынша жүреді. Ал жеке өмірде келіспеушіліктер болуы мүмкін. Адаммен көзқарасыңыз сәйкес келмесе де, онымен жақсы қарым-қатынаста қалуға болатынын ұмытпаңыз. Әрбір адамның өз ойы болатынын қабылдаңыз.
Торпақ
(21.04-21.05)
Жұмыс жағынан өте өнімді ай болмақ. Алайда жеке сізге не маңызды екеніне аса мән беру қажет. Егер біреу сізден көмек сұраса, бас тартпауға тырысыңыз. Алайда өз бетіңізше басқа адамды құтқаруға кірісіп кетпеңіз. Жалғызбасты Торпақтар екінші жартысын алыстан іздеудің қажеті жоқ, әсіресе әріптестеріңізге мән беріңіз. Желтоқсанның екінші жартысында қаржылық проблемалар туындауы мүмкін, сондықтан шығындарды алдын ала жоспарлаңыз.
Егіздер
(22.05-21.06)
Шығындарға келгенде мұқият болыңыз. Эмоцияға беріліп, ойланбастан сауда жасаудан аулақ болыңыз. Сондай-ақ күмәнді ақша салатын нәрселерден, күмәнді ұсыныстардан бас тартыңыз. Бұл айда дұрыс есеп жүргізу және үнемдеу маңызды. Егіздер әдетте басқалармен ашық адам, алайда осы айда жаныңыз тыныштықты қалауы мүмкін. Жан дүниеңізді тыңдап, ағзаның қалпына келуіне мүмкіндік беріңіз. Жұмыста бәрі жақсы болады, жобаларыңыз сәтті іске асады. Ал жеке өмірде екінші жартыңызбен немесе туыстарыңызбен келіспеушіліктер болуы мүмкін.
Шаян
(22.06-22.07)
Шаяндарда желтоқсанда жағдайлар өте жылдам өзгеретін болады. Сізге бейімделіп үйрену қажет болады. Айдың басынан бастап жұмыс барысымен көп кездесулер болуы мүмкін. Сіздің тараптан қатаң тәртіп пен күн тәртібін сақтау талап етіледі. Желтоқсанның ортасында алдын ала жақсы жоспарланған істер нәтиже бере бастайды. Кімнің алдында уәдеңізді орындамағаныңызды ойланыңыз. Себебі осы ай уәделеріңізді орындайтын кез. Жеке өмірде аздап келіспеушіліктер болуы мүмкін. Жаңа жылдық демалысты жақындарыңызбен бірге өткізіңіз.
Арыстан
(23.07-22.08)
Арыстандар желтоқсан айы бойы жақындары үшін және үйдегі жайлылық үшін еңбек ететін болады. Айдың басында жұмыста түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Келісімшарттың болмауы, салық төлемеу, уәдені орындамау - бұлардың бәрі сізге қымбатқа шығуы мүмкін. Жаңа жылдық қарбаластың алдында өзіңізге бір-екі күн арнаңыз. Себебі айдың соңында сізден көмек сұрайтын және қандай да бір ұсыныспен келетін адамдар көбейеді. Жақындарыңызға уақыт бөлу және олармен сапалы уақыт өткізу маңызды.
depositphotos.com
Бикеш
(23.08-22.09)
Желтоқсан Бикештер үшін оқиғаларға толы, алайда қиын ай болады. Айдың басынан бастап басқалардың ойына қарсы шығуға мәжбүр боласыз: жұмыста да, жеке өміріңізде де өз қызығушылықтарыңызды қорғайсыз. Айдың ортасында бұрынғы танысыңыз сізге қандай да бір ұсыныс жасауы мүмкін. Бас тартпаңыз. Алайда желтоқсанда іс-сапарларға шықпаңыз, оларды қаңтар айына қалдырыңыз. Мүмкіндіктерге ашық болыңыз. Жаңа жылды жаңа күшпен қарсы алу үшін денсаулығыңызға мән беріңіз.
Таразы
(23.09-22.10)
Желтоқсанның алғашқы аптасында бұл жұлдыз белгі өкілдерінде жұмыста күтпеген нәрселер болуы мүмкін. Алайда қорықпаңыз: сіз барлық проблемаларды жылдам шешесіз. Оған қоса, жаныңыздан сізге көмектесуге дайын және көңіл күйіңізді көтеретін адамдар табылады. Таразылар өздері үшін маңызды басымдықтарды анықтау керек. Ұсақ-түйекке емес, басты мақсаттарыңызға мән беріңіз. Қаржылық жағдай тұрақты болмақ, бірақ артық шығындардан аулақ болыңыз. Жеке өмірде серігіңізбен қарым-қатынасыңыз берік бола түсу үшін онымен ашық болу маңызды.
Сарышаян
(23.10-21.11)
Сарышаяндар үшін желтоқсан айтарлықтай өзгерістер әкеледі. Өз күшіңізге сенімді бола түсесіз және кез келген қиындықты жеңе алатыныңызды байқайсыз. Жұмыста жағымды тосынсыйлар күтеді: мансап бойынша көтерілуіңіз немесе жаңа жобаға ұсыныс алуыңыз мүмкін. Қаржылық сала тұрақты болады, алайда қомақты зат алуды қаңтарға қалдырыңыз. Жеке өмірде жақсы жаңалықтар болуы мүмкін, алайда бастаманы өз қолыңызға алу керек болуы мүмкін.
Мерген
(22.11-21.12)
Желтоқсанда Мергендерге энергия мен шабыт келеді. Бұл жаңа жоба бастауға немесе жаңа дүние үйренуге қолайлы ай. Егер белсенді болсаңыз және жауапкершілік танытсаңыз, жұмысыңыз жақсы жүреді. Күтпеген кірістер мен тиімді ұсыныстардың арқасында қаржылық жағдайыңыз жақсарады. Жеке өмірде романтикалық тосынсыйлар күтіп тұр.
Тауешкі
(22.12-20.01)
Желтоқсан айы Тауешкілер үшін өз-өзіне анализ жасауға және жаңа кезеңге дайындалуға арналған ай болмақ. Сізге жылды қорытындылап, сіз үшін шынымен де не маңызды екенін анықтау қажет. Жұмыста кәсіби тұрғыда өсесіз. Қаржылық сала тұрақты болады, бірақ кенеттен болатын шығындардан аулақ болыңыз. Жақындарыңызбен көп уақыт өткізіңіз. Егер өзіңізге босаңсуға мүмкіндік берсеңіз және еңбегіңіздің жемісінен ләззат алсаңыз, жылды жақсы аяқтайсыз.
Суқұйғыш
(21.01-18.02)
Желтоқсанда Суқұйғыштар көпшілік назарында болады. Сізді қызықты кездесулер, танысулар және болашағы бар ұсыныстар күтіп тұр. Жұмыста өзгерістер болуы мүмкін, ол сіз үшін жаңа белестерге жетуге мүмкіндік береді. Қаржылық сала тұрақты болады және күтпеген кірістер болуы мүмкін. Жеке өмірде өз-өзіңізбен және жақындарыңызбен шынайы болу керек, бұл келіспеушіліктердің алдын алуға көмектеседі.
Балықтар
(19.02-20.03)
Өзіңізді сүйікті адамдармен, жағымды заттармен және позитивті жағдайлармен қоршаңыз. Театр, мұражай немесе көрмеге баруды жоспарлаңыз. Сізге шабыт пен керемет әсерлер қажет. Айдың басында бұрынғы реніштер ашылып, үрей туындауы мүмкін. Жаңа жылға дайындалу, сыйлықтар алу, келесі жылға жоспарлар жасау - мұның бәрі хандрадан арылуға көмектеседі. Жеке өмірде жағымды өзгерістер болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова