- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желі жұлдыздары
Желіні жарған “рэпер апа“ жоспары туралы айтты
Тойда рэп орындап, желіні шулатқан алматылық Мейрамкүл Ходжашева Jibek joly телеарнасына берген сұхбатында жастарға арнап рэп жазғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде рэп оқитын әже журналистің "Өзіңіз ән жазғыңыз келе ме?" деген сауалына жауап берді.
"Енді мен мысалы жасөспірімдерге, жастарға өмірдің құндылығы туралы, әлеуметтік жағдайлары төмен адамдарға қандай көмек көрсету, сол маңызды екені туралы, егер бір өзгеріс жасағың келсе, ол өзгерісті өзіңнен бастауың керек деген сияқты", - деді Мейрамкүл.
Желіні жарған "рэпер апа" - Алматы облысы Қаскелең ауданы Жетісу ауылының тумасы Мейрамкүл Ходжашова. Алғашқы мамандығы бойынша ағылшын және француз тілдерінің мұғалімі және екі жыл АҚШ-тың Джорджия университетінде магистратураны тәмамдаған. Ал негізінен 17 жыл ғұмырын қоғаммен байланыс саласына (PR менеджер) арнаған жан. Бүгінде үш баланың анасы.
Желіде хит болған видеода ол туысқанының тойында болғанын, әртіс ретінде емес, қонақ ретінде өнер көрсеткенін айта кетті:
"Осы өткен жексенбі күні (29 қыркүйек) бөлемнің кенже баласы үйлі болып, соның тойына бардым. Алдында да желіде осы Кулионың (Coolio, Gangsta’s Paradise) әні танымал болған еді. Сондықтан жастар осы әнді айтып беріңіз деп жиі сұрайды. Жалпы бүгінгі таңда әлеуметтік желіні қолданбайтын адамдар жоқтың-қасы шығар. Менде Тик-ток, Инста, ФБ бар. Сол жерлерге анда-санда видеоларды салып отырамын. Бірақ өзім салған видеолар бұндай резонанс тудырмайды. Неге екенін білмедім. Тек бір видео 1,5 миллион көрілім жинады. Ол - Қайрат Нұртаспен әннің қайырмасын қосылып айтқан видео. Ал кешегі видео мұндай үлкен талқыға түседі деп ойламадым. Себебі бұның алдында екі-үш рет осындай видеолар тараған еді. Ендігі халық мені танып та қалған болар деп ойлап жүрген едім" - деді Мейрамкүл Ходжашова.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан