- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Желқуар" өткізу пунктінің...
"Желқуар" өткізу пунктінің жұмысы су тасқынынан кейін уақытша тоқтады
Фото:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Қостанай облысындағы су тасқынынан кейін "Желқуар" өткізу пунктінің жұмысы уақытша тоқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты 2024 жылғы 29 наурыздан бастап "Желқуар" автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Көлік құралдарының жүргізушілеріне және осы аймақта шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өздерінің қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан