- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Желкеңнен жасырын түсіріп...
"Желкеңнен жасырын түсіріп тұратындар болады". Ерке Есмахан дөрекі тыңдармандары туралы айтты
Танымал әнші Ерке Есмахан жасырын камераға түсіріп жүретін тыңдармандарынан шаршағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Аллаға шүкір, еңбектің жемісі ғой. Қайда барсақ та танып, қасымызға келіп жағдай сұрап, сәлемдесіп, фотоға түсіп тілектерін жаудырып жатады. Үлкендер ақ баталарын аямайды. Кез келген жерде сыйлап-құрметтейтін халықты көріп қуанамыз. Рахмет!", - деп бастады әңгімесін әнші.
Алайда кейде адамдардың шектен тыс назарынан шаршайтынын да жасырмады.
"Бірақ, кейде артық сөйлеп, үйт-бүйт деп дөрекіленіп суретке, видеоға түскісі келетін адамдар да бар. Болмаса тамақтанып, демалып немесе өз шаруаңмен асығыс, уақытың болмай шауып жүргенде төбеңнен, желкеңнен жасырын түсіріп тұратындар да болады. Көбінесе бәрін сыйлап, ешкімнің бетін қайтармауға тырысамын. Ал кейде "жоқ" деп отказ берсем дым ренжімеңіздер. Менің де ондайдан нервым ауыратын кездер болады", - деп ағынан жарылды Ерке Есмахан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева