Ақтөбеде жол қозғалысы ережелерін бұзып, қауіпті маневрлер жасаған бірнеше жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Кадрда Әбілқайыр хан даңғылы бойында Lada, Toyota және Hyundai көліктерінің жүргізушілері жол қозғалысы қағидаларын бұзып, қауіпті маневрлер жасағаны көрінеді.
Полиция әлеуметтік желідегі видеоға мониторинг жүргізіп, оны зерделеген. Осыдан кейін тексеріс жүргізіліп, көлік жүргізушілері анықталды.
"Тексеріс қорытындысы бойынша жүргізушілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер арнайы айып тұрағына қойылды", - деді ІІМ өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!