- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде "Вакцинаға байланысты...
Желіде "Вакцинаға байланысты бала туу деңгейі төмендеді" деген жалған ақпарат тарады
Әлеуметтік желілерде әлемде COVID-19 қарсы вакцинацияға байланысты туу көрсеткішінің төмендегені байқалады деп жазылған хабарлама тарады, - деп хабарлайды StopFake.kz.
Басылым мәліметінше, туу көрсеткіші төмендеуі - бұл болып тұратын әлемдік үрдіс. Ол 1950 жылдардағы baby-boom-нан кейін бірден басталған. Содан бері әлемде орташа туу көрсеткіші жылдан жылға тұрақты түрде төмендеп келеді. Бұл ретте бала туудың ең төмен деңгейі 1989-1993 жылдар аралығында байқалды.
Бұл үрдіске бірден бірнеше фактор себеп болады: білім қол жетімділігі, өмір сүру деңгейі жоғарылауы және оның ұзақтығы, контрацептивтер болуы және әйелдер эмансипациясы.
Вакцинация мен жер тұрғындарының жалпы денсаулығы бұл үрдісте маңызды роль атқармайды.
Е. Төлеш"COVID-19 қарсы вакциналар бала туу қабілетіне теріс әсер етеді деген теория - бірнеше рет теріске шығарылған фейк. Вакцинацияланған ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу қабілетін жоғалтпайтынын дәлелдейтін ғылыми зерттеулер бар", - делінген хабарламада.