Желіде "Ұйқым келмейді" әніне жазылған жаңа кавер хит болды

"Ұйқым келмейді" әні қазақстандықтар арасында әлі де талқыланып, жаңа каверлер жазылуына шабыт беріп жатыр, - деп хабарлайды TengriMIX.

Colorit (Арыстан Әбілдин) лақап атымен танымал әнші орындаған нұсқасы Желіде танымал бола бастаған. Ол "Ұйқым келмейді" әнін джаз стилінде орындаған.

Әнші идеяны музыкант M'Dee-дан алғанын айтады.

"Идеяны M'Dee-дан алдым, мен де осы әнге кавер жасағым келді. Енді бұл әннің джаз, босса-нова стилінде қалай естілетінін тыңдаймыз", - дейді Colorit видеода.

@coloriit

?

♬ оригинальный звук - colorit

Ролик екі мыңнан аса лайк жинап, оған елу шақты пікір жазылған.

"Толық нұсқасын сұраймыз", "Трек от", "Түпнұсқадан жақсы", - деп жазған Желі қолданушылары.

Музыкант Colorit 2002 жылғы тамызда дүниеге келген. Ол танымал композициялардың кавер-нұсқаларымен танымал болған. Әншінің Желіде 815 мыңнан аса оқырманы бар.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар "Той думан" арнасында жарық көрген Алина Шакиева есімді әншінің әнін қызу талқылаған еді.