• 501.83
  • 490.7
  • 5.31

Желіде Түркияда үй опырылған видео тарады

Фото: Видео кадры

Түркияда көпқабатты үй құлап, бірнеше адам үйінді астында қалып қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Хабар 24" телеарнасы мәліметінше, Түркияның Кония провинциясында төрт қабатты ғимарат құлап, үйінді астында бес кісі қалып қойған.

Елдің ішкі істер министрінің айтуынша, оның үшеуі құтқарылған. Қалған екі кісіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Апаттың себептері әлі белгісіз.

Тұрғын үйдің бірінші қабатында дүкен, жоғары жағында пәтерлер болған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жергілікті әкімшіліктің мәліметінше, көпқабатты үйде 79 адам тұрған. Олардың дені ғимарат құламай жатып сыртқа шығып үлгерген.

"Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 200-ден аса маман жұмылдырылған. Көрші ғимараттардағы тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Үйінді астында қалған 2 кісіні құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз", - деді Түркияның вице-президенті Жевдет Йылмаз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова