Желіде тасқын судың ортасында тұрған иттің аянышты видеосы тарап кетті

Фото: видеодан кадр

Желіде тасқын судың ортасында тұрған иттің аянышты видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Қостанай облысының аумағында, Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Желіде тараған мәліметке сүйенсек, кадр Қайыңды ауылдық округінің құрамына кіретін Қызылжұлдыз ауылында түсірілген.

Куәгер итті видеоға түсіріп, TikTok парақшасына жариялады. Видео бірден әлеуметтік желілерде тарап кетті. Автордың парақшасының өзінде ол 2,2 миллионнан аса қаралым жинады.

@makhmut_ilebaev

♬ Біргеміз - YerMusic

Сонымен қатар, желі қолданушысы тағы бірнеше ролик жариялады. Кадрларда да көмексіз қалған үй жануарлары көп екенін көруге болады.

@makhmut_ilebaev

♬ Сынаққа дес берме - Айбек Қайбулла

Роликтің авторы халық тікұшақтармен эвакуацияланып жатқанын да көрсетті.

@makhmut_ilebaev

эвакуация людей на вертолетах

♬ оригинальный звук - Махмут

Желі қолданушылары бұл жағдайға бей-жай қарамай, түрлі пікір жазған.

"Қанша ит өлді?!", "Итті құтқарыңызшы. Бұл да тіршілік иесі ғой", "Бұл да сынақ", "Итке өте өкінішті", "Халықтың малы қырылып жатқан кезде ит туралы не айтуға болады?" - деді олар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова