Біз тері сұлулығы мен жастығын сақтау үшін тониктер, кремдер, маскалар және басқа да косметикалық өнімдерді белсенді қолданамыз. Нарықта түрлі таңдау болса да әйелдер табиғи өнімдер жайлы да ұмытпайды. Осындай бетке жылдам нәтиже беретін маскалардың бірі - қияр маскасы. Ол үшін қиярды турап, бетке қоятын. Ал қазір әлеуметтік желілерде қиярды мұздатқышқа қатырып алып, онымен бетті сүрту керегі айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Салқын қияр көптеген проблемамен күресуге көмектеседі:
"Мұздатқыштан шыққан мұндай табиғи массажер теріні қоректендіреді, нәтижесінде тері ылғалданады. Алайда оны жиі қолдануға болмайды", - дейді косметолог Ким Чанг.
Мұздатылған қияр шынымен де жас көрінуге көмектесе ме?
Біріншіден, қияр емдік әсерге ие емес. Көптеген косметикалық проблемалдардан арылуға кәсіби құралдар мен косметологтар көмегі қажет.
Екіншіден, мұздатылған қиярды жиі қолдансаңыз, қан тамырлардың құрысуы және теріге суық тиюі мүмкін. Нәтижесінде бетте қызыл дақтар пайда болады.
Үшіншіден, дерматит, экзема немесе басқа да тері аурулары бар адамдарға абай болу керек. Мұндай әдістер жағдайды ушықтырып жіберуі және теріні одан сайын сезімтал етіп жіберуі мүмкін.
"Мүмкін аллергиялық реакциялар жайлы ұмытпайық. Бетті уқалау - жақсы әдіс, бірақ қосымша әсерлер болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз", - деді маман.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!