Желіде тараған ақпарат Қонаев тұрғындарын үрейлендірді: ТЖД не дейді?

Әлеуметтік желіде "Қонаевтан шамамен 8 шақырым жерде 4.1 балдық жер сілкінісі тіркелгені" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді.

instagram.com/qonaev_qapshagay

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қонаев қаласынан 8 шақырым қашықта магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелгені туралы ақпарат тарап жатыр. ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің дерегіне сәйкес Алматы облысы аумағында және Қонаев қаласының маңында жер сілкінісі тіркелмеді. Тұрғындардан өтініштер түскен жоқ, қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмеді", - деп жазылған ведомство жауабында.

Төтенше жағдайлар департаменті Қонаев тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Еске салайық, 4 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 12:45-те Алматыда жер сілкінісі тіркелді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!