Қырғызстан Мәдениет министрлігі Желіде танылған Бегімай Тұрысбекованы шетелдік конкурсқа жібереді, - деп хабарлайды Sputnik.
Басылым мәліметінше, ведомство әйелге Қазақстанда өтіп жатқан Central Asia' s Got Talent байқауына қатысуға көмектеседі. Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов Желіде танылған Бегімай Тұрысбековамен кездесіп, оған халықаралық байқауларға қатысуға көмектесуге уәде берген. Жаманқұлов оған шығармашылық табыс тілеп, Мәдениет министрлігі атынан Қазақстанда өтіп жатқан Central Asia' s Got Talent байқауына қатысуға көмектесетінін айтқан.
Сондай-ақ, министр әнші Қырғызстанның Қазақстандағы, Түркиядағы және Венгриядағы мәдениет күндері кезінде өнер көрсететін қырғыз әртістерінің қатарына кіретінін жеткізген. Бұл оған халықаралық аренаға шығуына мүмкіндік береді.
Ол бұрын М.Күренкеев атындағы Қырғыз мемлекеттік музыка училищесінде және Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде оқығанын, бірақ оны бітіре алмағанын айтқан. Ал Мәдениет министрлігінің басшысы оған оқуын жалғастыруға көмектесуге уәде берген.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Бішкек паркінде Тұрысбекова әлемдік хиттерді орындап, көпшілікті баурап алған еді. Видео интернетте тез тараған болатын.