Әлеуметтік желіде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан төбелеске бірнеше адам қатысқаны байқалады.
Түрксіб ауданында полиция жастар арасындағы жаппай төбелестен кейін қылмыстық іс қозғаған.
"Күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді", - деп жазылған мәліметте.
Еске салайық, бұған дейін желіде Атыраудағы көңіл көтеретін орындардың бірінде болған төбелестің видеосы тарап кетті. Атырау облысы Полиция департаменті оқиға 18 қаңтарда болғанын мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова