- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде Сүлеймен Демирел...
Желіде Сүлеймен Демирел университетіне "бомба қойылғаны" туралы ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде Сүлеймен Демирел университетінің видеолары тарап жатыр. Кадрларда жедел жәрдем көлігі, полиция және көшедегі адамдар көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, түс кезінде Қарасай ауданында орналасқан SDU университетіне "бомба қойылған" туралы ақпарат тараған.
@superdelya Бомба енди отирик шыгар , но так говорят 😂😂🤷🏻♀️ #рек #рекомендации #сду #сдуунивер #тикток ♬ оригинальный звук - Whoareyou
@madinabez #sdu #сду ♬ оригинальный звук - Madina Bazarova
Университеттің баспасөз қызметі мәліметінше, лаңкестік әрекет туралы хабарлама бұл оқу орнына ғана емес, Алматы облысындағы бірнеше ұйымға түскен.
"Қазір құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатқанын, барлық қауіпсіздік шарасы қабылданғанын айтқымыз келеді. Студенттеріміздің, қызметкерлеріміздің және келушілеріміздің қауіпсіздігі біз үшін бәрінен де маңызды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет шараларды қабылдадық. Қазіргі уақытта айналамызға қауіп төндіретін жағдайлар жоқ", - деп SDU-дың баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова